×

Щучьеде көлік ұрлаған бозбала ұсталды

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Халық үні 30.08.2022 | 14:32
Фото: polisia.kz

Щучье қаласында Lada Kalina автокөлігінің айдап әкетілгені туралы ақпарат патрульдік полиция батальонының экипаждарына 30 тамызда сағат 02:30 шамасында келіп түсті. Тәртіп бұзушы полицейлердің тоқтау туралы талаптарына бағынбай, полициядан жасырынып, «Петропавл – Нұр-Сұлтан» республикалық трассасына шығып кеткен. Онда облыстық патрульдік полиция батальонының автопатрульдері айдап әкетушіні ұстауға жұмылдырылған. Полиция жасағы бағдар бойынша берілген автокөлікті байқап, тоқтау туралы белгі берген. Бірақ жүргізуші жылдамдық режимінен асып, өзі үшін де, қозғалыстың басқа да қатысушылары үшін де қауіп төндіре қозғалысты жалғастырған.

Көлікті басқара алмаған жеткіншек брусқа соғылып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Дене жарақаты жоқ, тек орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды. Өз кезегінде көліктің заңды иесі ақмолалық құқық қорғау органдарына алғысын білдірді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама