Шымкентте атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған екі қойма табылды
Қазір қаруды жасырған адамдар анықталып жатыр
Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы маңынан және орман алқабынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, «Сайга» тегіс ұңғылы мылтық, «Бенелли» аңшылық мылтығы, «Штурм» полиция қалқаны және бронжилет, сондай-ақ 115 оқ-дәрі және Ф-1 оқу гранатасын тәркілеген.
ҚК-нің 287-бабы 1 және 3-бөліктері «Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.