«Украинаны қолдау». Ақтаудың атауын өзгерту туралы петиция жарияланды

Халық үні

Петицияны Айгүл Қырықбаева 26 тамызда жариялаған

Фото: ашық дереккөздерден

Дәл қазір петицияны 205 адам қолдап, 526 адам қарсы пікір білдірген.

«Каспий теңізінің жағасында орналасқан Ақтау қаласына 30 жылға жуық уақыт бір кездері Қазақстанға жер аударылған ұлы украин ақыны, жазушы, этнограф және суретші Тарас Шевченконың есімі берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1991 жылғы 13 қыркүйектегі No 851-ХІІ Жарлығымен Шевченко қаласынан Ақтау болып өзгертілді. Соңғы жаһандық саяси өзгерістерге байланысты мен төл қазақ жеріндегі украиндық мұраны қолдап, Ақтау қаласына тарихи «Шевченко» атауын қайтарғым келеді.

Өйткені, Тарас Григорьевич өз Отанының нағыз патриоты болды, оның дамуы туралы шын көңілден алаңдады және қарапайым украин халқының қайғы-қасіретіне шын көңілмен қарады. Сол сияқты Украина топырағына келген пәле қазір қазақстандықтарды да бей-жай қалдырмайды. Жүздеген мың адам қаза тапты. Қираған инфрақұрылым. Жүздеген отбасы тарап кетті.

Бауырлас украин халқына немқұрайлы қарамау және ерекше ынтымақтың белгісі ретінде қаламызға «Шевченко» атауын қайтаруыңызды сұраймыз», - деп жазған петиция авторы.