Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әлдекімнің қарумен ауаға бірнеше мәрте оқ атқаны жарияланған болатын
Қызылордада той үстінде себепсізден аспанға оқ атқан 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 27 тамызда Қызылорда қаласының аумағында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әлдекімнің қарумен ауаға бірнеше мәрте оқ атқаны жарияланған болатын.
«Тексеру барысында оқиға қаланың шет аумағында той өту кезінде болғаны анықталды. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша 21 жастағы азаматтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 293-бабында қаралған қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгісі болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», -деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.