Halyq Uni логотип
×

Өскемендік әйел зорлау туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды

Әйел бұрынғы жігітін үйге өзі шақырған

 Халық үні 28.08.2022 | 12:44
Өскемендік әйел зорлау туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды
Фото: ашық дереккөздерден

 Қылмыстық істің мән-жайы № 2 сот үкімінде айтылған.

 Noks.kz сайты жазуынша, әйел бұрын бірге тұрған танысын үйіне шақырған. Жақындық пайда болғаннан кейін әйел жігіттен қазіргі әйелін тастап, өзіне оралуын өтінеді, бірақ ер адам бас тартады.

Содан кейін әйел полицияға барып, бұрын бірге тұрған жігіті өзін зорлады деп арыз жазды.

Алаяқтық әшкереленіп, арызданушыға қатысты соталды тергеу жұмыстары басталды. Кейін сот сотталушыны ҚР Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі ("Аадамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған көрiнеу жалған сөз жеткiзу") бойынша кінәлі деп таныды. Әйел үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама