Ол осылай проблемасына назар аудартпақ болған
Ер адам Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен арада туындаған проблемаға назар аудару мақсатында құрылыс кранының төбесіне шығып алған
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты мәлім етті.
Таратылған ақпаратқа қарағанда, Нұр-Сұлтан қалалық полиц.ия департаменті азаматтың үстінен бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағында 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.
Іс материалындағы түсініктемеге сәйкес, азамат М. өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен келіспейді. Ол өзінің іс-әрекетін басындағы проблемаға назар аударту мақсатында жасағанын түсіндірген.
Сот азамат М-ны ӘҚБтК 434-бабы 1-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасады деп таныды және 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.