×

Жетісу облысында оқушыға үлкен өлшемді мектеп формасын берген: мектеп директоры жауапқа тартылмайтын болды

Қызына тым үлкен киім жібергенін көрген ана «мынаны қалай киеді?» деп білім бөліміндегілердің әрекетін сынға алды.

 Халық үні 27.08.2022 | 23:45
Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысында әкімдік берген мектеп формасы оқушыға бірнеше есе үлкен болып, арты дауға ұласты, деп хабарлады «Информбюро» жаңалықтар қызметі.

Қызына тым үлкен киім бергенін көрген ана «мынаны қалай киеді» деп білім бөліміндегілердің әрекетін сынға алды.
 

Білім бөлімінің берген киімі. Размерін 34-36 деп өзіміз бергенбіз. Құрметті, министр мырза, Аймағамбетов! Міне, сіздердің 38 мыңға берген киімдеріңіз осы. Неге қаржылай ата-анаға беру керек дейсіз? Міне нәтижесі. Размері мүлдем келмейді. Мына оқушы қалай енді мектепке барады?! Бұл Кербұлақ ауданының білім бөлімі берген киім, - дейді оқушының анасы Ұлпаш Сейсенова.

Оқушының анасы Ұлпаш Сейсенова Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке әлеуметтік желі арқылы осындай видеоүндеу жолдады. Мәселе ушығып, желі қолданушыларының ашуын тудырғаннан кейін ғана білім бөліміндегілер оқушының мектеп формасын қайта ауыстырып берген. Облыстық білім басқармасы бастапқыда мұндай олқылыққа жол берген Кербұлақ ауданының Нұрым ауылындағы мектеп директорына қатаң сөгіс берілді деп ақпарат таратқан. Кейін сөгіс жарияланбайды деп ақпаратты қайта өзгерткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда 1-сынып оқушысына ересек адамның киімі берілгені туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама