Өскемендік әйел көңілдесіне зорлады деп жала жапқан

Еркеғали Болатұлы

Осыдан кейін полиция оның өзінің үстінен іс қозғады

фото: ашық дереккөз

Өскемен тұрғыны танысына зорлады деп жала жапқаны үшін кінәлі деп танылды.

Іс материалдарына сүйенсек, әйел бұрын өзімен бірге тұрған ер адамды үйіне шақырған. Ол үйленген екен. Жыныстық қатынастан кейін әйел одан зайыбынан ажырасып, өзіне қайтып оралуды сұраған. Бірақ ер адам ол ұсыныстан бас тартқан.

Сол кезде әйел ашынасынан өш алу үшін полицияға зорлады деп арыз жазып жіберген. Алайда тергеу кезінде «жәбірленушінің» өтірігі ашылып қалды. Осыдан кейін полиция оның өзінің үстінен іс қозғады.

Сот қала тұрғынын Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-тармағы («Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптап, көрiнеу жалған сөз жеткiзу») бойынша кінәлі деп танып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырды.