×

Биыл 1 миллионнан аса оқушы тегін тамақтанады – вице-министр

Бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бақылау кассалық құрылғылардан ата-аналарға деректерді беру автоматтандырылған

 Дәурен Ерболат 27.08.2022 | 16:18
фото: ОКҚ

Биыл Қазақстанда тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 442 мыңнан аса оқушы тегін тамақтанады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2022 жылы елімізде 6 мың 68 мектепте 3,3 млн оқушы білім алатын болады. Оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету көзделген.

Жаңа оқу жылында тегін ыстық тамақпен 1-11 сынып оқушыларының 30%-ын яғни 1 млн-нан аса оқушыны, оның ішінде 100% әлеуметтік осал отбасыдан шыққан  442,1 мың оқушыны қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ 8 өңірде (Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы Шымкент қалалары) әкімдердің бастамасы бойынша мәслихаттардың шешіміне сәйкес 1-4-сыныптардың 52% яғни 723 мың оқушы тегін тамақпен қамтамасыз ету көзделген, - деді Ғани Бейсембаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау облыстарында 1-сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Вице-министр биыл мектепте сапалы тамақтандандыруды ұйымдастыру үшін министрліктің №590 бұйрығына тиісті өзгертулер енгізілгенін атап өтті.

«Оған сәйкес бағалары көрсетілген тағамдардың, буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесін қосу бойынша нормалар көзделген яғни әрбір өңір немесе мектеп білім алушылардың, ата-аналардың, қамқоршылық кеңестің пікірін ескеріп, өз ас мәзірін жасайды және бағасын белгілейді. Бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бақылау кассалық құрылғылардан ата-аналарға деректерді беру автоматтандырылған», - деді министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама