Halyq Uni логотип
×

«Өте қымбат». Министр дүкен аралап, тауарлардың бағасын өз көзімен көрген

Ол қант бағасын төмендету үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті

 Дәурен Ерболат 27.08.2022 | 11:15
«Өте қымбат». Министр дүкен аралап, тауарлардың бағасын өз көзімен көрген
Фото: Informburo.kz

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин дүкенге барғанын, ондағы тауарлардың бағасы айтарлықтай көтерілгенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы жаңа қызметке тағайындалғасын сауда орталықтары мен базарларды аралағанын атап өтті.

Сауда орталықтарына барып, бағаны көрдім. Баға айтарлықтай өскен. Оны бақылауға алу керек. Өңірлерде арнайы комиссия құрылған. Олардың да жұмысын бақылау керек, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Серік Жұманғарин қанттың қымбаттағанын ашық айтты.

Соңғы рет сауда орталығындағы Small супермаркетіне бардым. Онда 5 келі қант 5,5 мың теңгеге сатылып жатыр. Өте қымбат. Сондықтан біріншіден, барлық азық-түлік тауары мен қанттың болуын қамтамасыз ету керек. Екіншіден, бағаны төмендетуге тырысу керек. Бұл мәселеге қатысты біздің ұстанымымыз бар. Премьер-министр тапсырма берді, - деді ведомство басшысы.

Ол бұл мәселеге қатысты бүгін жиналыс өтетінін жеткізді.

«...Бір сағаттан соң қант өндірісі өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтеді. Онда қант бағасын тұрақты ету, бағаны төменду мәселесін талқылаймыз», - деді Серік Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама