Halyq Uni логотип
×

«Шешен отбасындағы келіндер тек қазақтарға сәлем салады» – Айза Аблаким

Мен де келін болғанда қазақтарға сәлем саламын дейді

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2022 | 09:42

Шешен келіндер тек қазақтарға сәлем салады. Бұл – қазақ ұлтына деген шешен халқының құрметі. Шешен қызы Айза Аблаким «...Сұрауы бар» YouTube арнасындағы «Qazaq bol» бағдарламасына сұхбат беріп, осындай отбасылық құпияларымен бөлісті. Айтуынша, үйдегі жеңгелер осындағы салт-дәстүрдің барлығын келін ретінде орындайды.

«Әрине, дәстүрді ұстанамыз. Біздің әкеміз бар, құдайға шүкір. Ата-анамыз, үш ағам бар. Мен өзім ең кішкентай жалғыз қызбын, еркемін. Дәстүрді ұстанамыз. Үлкен жеңгем – қазақ, қалған екі жеңгем – шешен ұлтынан. Жеңгелерім тұрмыс құрып жатқан кезде екі жақтың, яғни шешен халқының да дәстүрін ұстана отырып, үйге алып келді. Кәдімгідей үйде жасалатын дәстүр бар, оны да жасаймыз. Біздің үйде мынадай дәстүр бар.

Қазақ достарымыз, әке-шешемнің достары, я болмаса бауырларым келіп жатқанда, жеңгелерім сәлем салады. Өйткені бұл – қазақ халқына деген құрмет. Қазақ халқында келіндер сәлем салу керек, сонда біздің де келіндер сәлем салады. Мысалы, шешен халқында ондай жоқ. Мамам жеңгелеріме сәлем салу керек екенін ұзақ түсіндірді. Мен де келін болғанда қазақтарға сәлем саламын, – дейді.

Айза Аблаким Қазақстанда туып-өскен. Ата-бабасы шыққан Шешенстанға барып та көрмеген. Сондықтан 62 тамырымен қазақ жерін өз Отаны санайды. Қазір республикалық радионың бірінде журналист болып жұмыс істейді. Болашақта қазақ жігіті кездессе, өзі де сәлем салуға дайын.

Ең бастысы, мұсылман болса, дінге жақын болса. Отбасымызда бізде сондай ережелер бар дегендей. Өйткені ата-анам, ағам бәрі дінге жақын. Дінді жақсы ұстанады. Одан бөлек, қазақ жігіттерінен ұсыныс келіп жатса, көреміз. Қазақ жігіттері кездесті, бірақ олармен кездесіп, сөйлесіп жүре алмаймын. Бізде сәл бөлек барлығы. Мен олармен кездесіп, қыдырып киноға, кафеге барып, ондай дүниелер жасай алмаймын. Бұйырса, жігітті әке-шешем тауып беретін шығар. Бір бұйырғаны болады деп жүрмін, – дейді Айза Аблаким.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама