×

«Жеп-жеп алып...»: Назарбаевтар әулетінің қажылықта жүрген видеосы талқыланып жатыр

Көпшілік қазір осы видео мен жазбаға түрлі пікір білдіріп жатыр... 

 Халық үні 26.08.2022 | 23:58
коллаж: Halyq Uni

Instagram-дағы Elbasy_live парақшасында Назарбаевтар әулиетінің қажылықта жүрген бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр деп жазды Halyq Uni тілшісі. 

Видеодан тұңғыш президенттің қыздары Дариға, Әлия Назарбаевалардың, қамауда отырған Қайрат Сатыбалдыұлының және қазір төсек тартып жатқан Болат Назарбаевтың қасиетті жерде құлшылық жасап жүрген сәттерін көруге болады. 

Сонымен қатар автор видеомен қоса арнайы жазба жариялаған. 

Аллаһ Қайрат Сатыбалдының ауырын жеңілдетіп, тәубесін қабыл етсін. Аллаһ Болат Әбішұлының дертіне дауа, ауруына шипа беріп, сол сынақ арқылы күнәларын кешкен болсын. Елбасының басқа да отбасы өкілдерінің амандығын беріп, алауыздықтан сақтасын. Бұл – өмір, ал өмірде қателеспейтін адам жоқ. Елбасы мен оның отбасын сынаудан бұрын осы сынақ сізге келмегеніне қуаныңыз. Дүние мен билік басыңа келсе, бас шашылып кетуі мүмкін. Біз қазақтар – ұлы бабалардың ұрпағымыз. Майдаланбайық және тәкаппарланбайық, сонда біз бір боламыз, - делінген жазбада. 

Оны оқыған көпшілік қазір осы видео мен жазбаға түрлі пікір білдіріп жатыр. 

«Жерімізді, елімізді сатып жіберу – ауыр қылмыс»,  «Пенде болған соң болады, ешкім ақ емес», «Жеп-жеп алып, кешірім сұрайды, ойланып көрмеді ме?», «Халық қандай жақсылығы үшін дұға етуі керек?», «Егер шын мәнінде қателік кешірілсін десе, халықтың несиесін төлеп берсін» дегендей пікірлер легі толассыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама