Halyq Uni логотип
×

Беларусь Бакиевті Қырғызстанға қайтарудан бас тартты

Экс-президенттің үстінен бірнеше іс қозғалып, ол сырттай 30 жылға сотталған

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 17:22
Беларусь Бакиевті Қырғызстанға қайтарудан бас тартты
фото: 24.kg

Беларусь Жоғарғы соты Қырғызстанға елдің экс-президенті Құрманбек Бакиевті қайтарудан бас тартты.

Лукашенко оған отанында саяси қудалау қаупі төніп тұрғанымен түсіндірді.

Бұл туралы «Кабар» агенттігі Қырғызстанның Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Қырғызстанның Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь тарапына төрт рет өтініш жіберген. Алайда Беларусь Бакиевті экстрадициялаудан бас тартқан.

Беларусь Республикасы Жоғарғы сотының хатына сәйкес, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартқан. Беларусь тарапының пікірінше, оның сотталуы саяси себептермен қудалауға байланысты, – деп мәлімдеді Қырғызстанның Бас прокуратурасы.

Құрманбек Бакиев 2005 жылғы «Қызғалдақ революциясынан» кейін Қырғызстан президенті болып сайланған еді. Алайда 2010 жылғы Сәуір революциясында кезінде ол қызметінен алынып, кейін отбасымен бірге елден кетіп, Беларусьтен саяси баспана алды. Бакиевке қарсы шерулер кезінде 90 адам қаза тапқан.

Қырғызстанда Бакиевтің үстінен бірнеше іс қозғалып, ол сырттай 30 жылға сотталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама