Halyq Uni логотип
×

Ресейліктер 6 айда бір-бірінің үстінен 144 832 рет «донос» жазған

Осыған арналған #СпросимБастрыкина деген сайт та бар

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 15:20
Ресейліктер 6 айда бір-бірінің үстінен 144 832 рет «донос» жазған
фото: vao-mos.info

Ресейліктер 6 айда бір-бірінің үстінен 144 832 арыз жазған.

Бұл туралы Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Роскомнадзор) хабарлады.

Ресейдің Украинаға соғыс ашқан 6 айдың ішінде осы 145 мыңға жуық «доностың» көбісі, яғни 86, 77 пайызы электронды поштамен жеткізілсе, 13, 16 пайызы қағаз түрінде жазылған. Ал 0,07 пайыз «доносты» тұрғындар ауызша айтқан. «Доностың» көбісі интернеттегі мәліметке қатысты жазылған екен. Яғни, арыздың көбісі «Көршіміз, араласып жүрген жақын адамымыз Ресей армиясын жамандап жатыр», «Көршіміз, ағайын-туысымыз Украина мен Американы мақтап жатыр» деген мағынада жазылған деген дерек бар. Ресей азаматтары мұндай мазмұндағы «доносты» 63 592 рет жазған.

Ресейде «Справедливая Россия — За правду» партиясының бастамасымен ашылған #СпросимБастрыкина деген «доносқа» арналған сайт та бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама