Halyq Uni логотип
×

Теңіз кен орнында тағы бір жұмысшының мәйіті табылды

50 жастағы Атырау қаласының тұрғыны қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 11:10
Теңіз кен орнында тағы бір жұмысшының мәйіті табылды
фото: timeskz.kz

Теңіз кенішінде жазатайым оқиғадан бір жұмысшы қаза тапты.

2022 жылдың 24 тамызында «Қазтурборемонт» қосалқы мердігерінің «Infradel Projects» қызметкері Өркен вахталық қалашығының құрылыс алаңында өлі табылды. Телеарналардың хабарлауынша, құбырға сынақтар жүргізіп жатқан кезде бірі жүктемеге төтеп бере алмай жұмысшыға соғылған.

Atpress.kz басылымының мәліметіне қарағанда, қаза тапқан қызметкер 50 жастағы Атырау қаласының тұрғыны.

Қазір оқиға болған кеніш аумағында барлық жұмыстар тоқтатылып, компания қызметкерлері вахталық қалашыққа жіберіліп, оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Infradel Projects» мердіргер компаниясы мемлекеттік органдармен және прокуратурамен бірлесе отырып, тиісті шаралар жасап жатыр. Кеше түнде жедел түрде марқұмның денесі туған-туысқандарына жеткізілді. Қызметкердің отбасына өтемақы төленеді. Компания қаза тапқан қызметкердің жерлеу рәсімін өткізеді.

ТШО басшылығы мен қызметкерлері марқұмның отбасына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама