«Naiza» турнирінде қазақ пен өзбектің жекпе-жегі жанжалға ұласты
Қарсыластар қарымта кездесуге келісті
Қазақстандық файтер Санжар Тәжиев Алматыда өткен «Naiza Fighting Championship 42» турнирінде өзбекстандық Амирхон Алиходжаевтен мерзімінен бұрын жеңілген соң, жекпе-жектің соңы жанжалға ұласты.
Бұл кездесу үш раундқа есептелген болатын. Алайда, бірінші раундтан кейін қазақ файтері білегін жарақаттап алып, әрі қарай жұдырықтасудан бас тартқан еді. Осыған байланысты төрешілер өзбек спортшысын жеңімпаз деп танығанда сегіз бұрыш ішінде жанжал туды. Содан кейн файтерлер қаарымта жекпе-жек туралы айтты.
Vesti.kz-тің хабарлауынша, қазақ файтері қарсыласының арандатушылықты көп жасайтынын айтып, қарымта кездесуге шақырды.
Мен оны тағы бір жекпе-жекке шақырамын. Тіпті көшеде де төбелесуге дайынмын. Бірден қарымта сұрадым. Амирхон қарымта кездесудің болатынына уәде берді. Ол қарашада болады. Жекпе-жектен кейін ол маған айқайлай бастады. Қарсыласым нокаутпен емес, сабмишенмен жеңді. Мен жарақат алып қалғандықтан жеңді. Ондай жеңіске қалай қуануға болады? Білегімде жарақат болатын. Тағы да сол жерім кетті. Анамды қуантайын деп едім, өкінішті, – деді Тәжиев.
Ал өзбекстандық спортшы жекпе-жек туралы былай деді:
Қарсыласым тік тұрып жұдырықтасуда мықты болады деп ойладым. Жақсы қозғалды. Бірақ, мықты жағын көрмедім. Соққыларын сезбедім. Маған қарымта қызық емес. Егер лигаға қызық болса ол әуелі бір-екі жекпе-жекті жеңіп алсын. Мен жекпе-жекті жеңдім. Төреші қолымды көтерді. Ал Санжар айқайға басты. Сондықтан оны жанжалды ушықтырмау үшін көтеріп алып кетті. Мен жеңілу дегеннің не екенін жақсы білемін. Өзіңді лайықты ұстай білу керек, – деді Амирхон.
Енді файтерлердің келесі кездесуі қараша айына жоспарланып отыр.