×

Зиратта жасырған: Таразда соңғы аптада 15 қару мен мыңға жуық патрон табылды

Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті зираттарға жасырып қойған

 Халық үні 09.02.2022 | 12:00

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұлан әскери жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында жоғалған атыс-қаруларын іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тәртіп сақшылары қаланың барлық қараусыз қалған нысанын, мөлтек аудандардың жертөлелері мен шатырларын тексеруде. Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қала аумағындағы зираттарға жасырып қойған. Қызметтік иттер де іздеу жұмыстарына қосылған. Иіс сезгіш иттер полицейлерге қару мен оқ-дәрілерді тезірек табуға көмектеседі, – делінген ақпаратта.

Іздестіру шаралары барысында бір апта ішінде барлығы 15 қару табылған. Атап айтқанда, үш Калашников автоматы, алты аңшы мылтығы, үш Макаров тапаншасы, үш травматикалық тапанша және әртүрлі калибрдегі 1000-ға жуық патрон табылған.

Анықталғандай, қару-жарақтың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23