×

Шымкент пен Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасарын тергеу аяқталды

Қылмыстық іс сотқа жіберілді

 Динара Амантай 26.08.2022 | 09:25
Фото: kaz.kazlenta.kz

Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның Polisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Ол ағымдағы жылдың шілде айында бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазір аталған іс Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына жіберілді.

Полицейлер заңды ұстанбай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын таптап, антты бұзған жағдайда ІІМ бұрынғысынша қатаң және дереу әрекет етеді. Құқық қорғау қызметі бізге тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен жауапкершілік жүктейді. Министрлік басшылығы барлық заң бұзушылықтарға қарсы әрекет ету бойынша ұстанымды одан әрі қатаң ұстанатын болады. Кінәлілердің бірде-біреуі жауапкершіліктен жалтара алмайды, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚТЖ қызметкерлері мен полицейлердің төбелесіне қатысты тергеу басталғанын жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама