×

Ақтауда көпбалалы аналар тегін пәтер беруді талап етіп митингке шықты

Маңғыстаулық шенеуніктер түнде болған митинг себебін түсіндірді

 Халық үні 09.02.2022 | 11:45
фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтауда көпбалалы аналар тегін пәтер беруді талап етіп митингіге шықты. Олар қаланың орталық жолдарының бірін жауып тастаған.

Маңғыстау облысының әкімдігі өкілдерінің айтуынша, 8 ақпанда Ақтау қаласынан жалға берілетін тұрғын үй алған Жаңаөзен қаласының 30 тұрғыны облыс әкімдігіне келіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне облыс әкімдігі жазған қызметтік хаттың көшірмесін талап еткен.

Бұған дейін де бұл әйелдер әкімдікке келіп, қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған арендалық тұрғын үйді жекешелендіруді талап еткен. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселені зерделеу үшін әйелдер арасынан топ өкілдері қатысуымен комиссия құруды ұсынды, - дейді маңғыстаулық шенеуніктер.

Бүгінде комиссияның екі отырысы өткен, алайда бір топ көпбалалы ана шенділердің жауабына қанағаттанбай, облыс әкімдігінің алдындағы жолды жауып тастаған.

Полиция өкілдері шерушілердің ешқайсысы ұсталмағанын айтты. Жол 5 минуттай жабылып, кейін қайта ашылған. Шерушілердің бәрі түнде тараған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама