Он вагон жанар-жағармайдан айырылып қала жаздадық
Павлодар облысынан Тәжікстан мен Өзбекстанға жанар-жағармайды заңсыз шығарғысы келген адамдар ұсталды.
Бұл туралы брифингте Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Арман Жүнісов айтты.
Павлодар облысы аумағынан тыс жерлерге жанар-жағармайды екі рет заңсыз әкеткісі келген адамдар анықталды. Сөйтіп, олардың жолы кесілді. Бір компания жанармайға қосылатын қоспаны желеу етіп, Тәжікстан мен Өзбекстанға он вагон бензин экспорттағысы келген. Тергеу шаралары болып жатыр. Қосымша сынамалар алынып, сараптамалар жүргізіліп жатыр, – деді Жүнісов.
Ол тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.