Шымкенттік байлар қымбат көліктерінің салығын төлемей жүр
Мысалы, атына 8 көлік тіркелген бір тұрғынның берешегі 5 миллион теңгеге жеткен
Шымкентте 30 мыңнан аса азамат көлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Олардан өндірілуі тиіс салық қазір 1 миллиард 300 миллион теңгеден асып жығылған.
Салықтан жалтарғандардың көбі қымбат көлік иелері екен. Онымен қоймай, біразының меншігінде бірнеше машина бар көрінеді. Мысалы, өз атына 8 көлік тіркелген бір тұрғынның берешегі 5 миллион теңгеге жеткен.
Қарызы көп 100 азаматтың тізімі жасалып, мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтына жарияланды. Сондай-ақ олардың көлігін тіркеуден шығаруға тыйым салынды.