Бүгінде есірткі тұтынған 14-17 жас аралығындағы 99 бала есепте тұр
Жыл басынан бері есірткі сатқан 2,5 мың адам ұсталған. Олардың арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
2022 жылғы 7 айда есірткі сатқаны үшін 2,5 мыңдай адам жауапқа тартылып жатыр. Оның ішінде 15 жасөспірім бар. Олар есірткіні жасырын сатқан және жасырған, - деді Бақытжан Әмірханов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда ең жас нашақор 13 жаста екені айтылған еді.