Қазақстанда ең жас нашақор неше жаста?
Нашақорлар жасарып барады
Бүгінде еліміздегі ең жас нашақор – 13 жаста. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмакова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ол 2017 жылғы желтоқсан мен 2018 жылғы маусым аралығында жастар арасында есірткіні қолдану жөніндегі ұлттық зерттеу (ESPAD) жүргізілгенін атап өтті.
Сауалнама нәтижесінде алғаш рет есірткінің дәмін татып көрген баланың жасы 11-де екені анықталған. Сондай-ақ бүгінде 13 жастағы бала есірткіге тәуелділіктен емделіп жатыр, - деді Жанар Қалмакова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ұлттық зерттеуге Қазақстандағы мектептер мен орта арнаулы оқу орындарындағы 13-18 жас аралығындағы балалар қатысқан. Олардың жалпы саны – 9111.