Олар тамақ тасу, қалдық шығару, медициналық көмек көрсету, ауадағы вирусты сканарлеу сынды жұмыстарды істейді
Олимпиада өткізуді мойнына алған мемлекет технология саласында жеткен жетістіктерін көрсетуге асығады. Бұдан Қытай әкімшілігі де құр емес.
Бейжің Олимпиадасында көрсетілген үздік инновациялық технологиялардың бірі – роботтар. Бүкіл Олимпиада ауылында қызмет көрсетіп жүргендер – дәл осы роботтар. Олар тамақ тасу, қалдық шығару, медициналық көмек көрсету, ауадағы вирусты сканарлеу сынды жұмыстарды істейді, – дейді atpress.kz.
Мәселен, кафетерийде тағамға тапсырыс берсеңіз, үстел мен төбенің үстіндегі тағамның өзін алып береді. Бір қызығы сол – роботтар ас-ауқат дайындай алады екен: күріш қайнатады, лапша пісіреді, бургер орайды, кофе қайнатып, коктейль дайындап береді. Тамаққа тапсырыс бергің келсе, QR-код сканерлесеңіз жетіп жатыр.
Роботтардың ішінде медициналық көмек көрсететіндерінің қызметі қызық. Кірген-шыққан адамға антисептик сеуіп, бетпердесі жоқ адамды алыстан танып, маска береді не оны тағуды талап етеді. Бөлмеге дезинфекция жасайды.
Олимпиада ашылар күні жұртты таңқалдырған тағы бір робот бар. Бұл Шанхай университеті құрастырып шыққан шаңғышы робот. Алты аяқты темір адам кәдімгідей спортшылар сияқты шаңғы теуіп, қиын тректерді жасай алады. Инженерлердің айтуынша, роботтың инттелектуалды қабылдауы жақсы, тез шешіп қабылдып, жылдам жоспар құрады.
Әлемдік дода 4-20 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынайды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.