«Мектептерде орамал тағуға рұқсат берсін!»: Нұртас Адамбай петиция жариялады
Бізде діндарлардың құқықтарын қалпына келтіруге себепкер болуға мүмкіндігіміз бар, дейді ол
Танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбай instagram-дағы парақшасында көпшілікке «Мектептегі имандылықты сақтайық» петициясына қол қоюға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, мектептерде орамал тағуға рұқсат беру туралы петицияға қол қою өте маңызды.
Еліміздің заңына сәйкес Қазақстан азаматтарының діни сенім бостандығына ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Орамал тағу – Алла Тағалаға жасалған ғибадат. Бізде діндарлардың құқықтарын қалпына келтіруге себепкер болуға мүмкіндігіміз бар! Жасаған істерімізге Жаратушы разы болсын! Барлығына бейбітшілік!, деп жазды ол.
Адамбайдың оқырмандары оның сөзіне екіұштылық танытты.
Айта кетейік, бұған дейін режиссер «Buzz Lightyear» мультфильмінде ЛГБТ насихаты бар екенін айтып, оны таратуға тыйым салудың бастамашысы болған.
Адамбайдың айтуынша, «Келинка Сабина» - ислам туралы кино.