Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында учаскелік полицей ауыл тұрғынын соққыға жықты

Ақтоғай ауданындағы оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарады

 Халық үні 09.02.2022 | 10:13
Павлодар облысында учаскелік полицей ауыл тұрғынын соққыға жықты
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Павлодар облысында учаскелік полицейдің ауыл тұрғынын соққыға жыққаны жайлы видео тарады. Оқиға 5 ақпан күні Ақтоғай ауданында болған.

Видеода оқиға куәгері айтқандай, Ақтоғай ауданы Ақжол ауылының учаскелік полицейі ауылдасын және оның әйелін ұрып-соққан. Сонымен қатар, тәртіп сақшысы мас күйінде қызметтік көлікті тізгіндеген. Сөйтіп, мас күйде көлік басқарған учаскелік полицей өзін тоқтатуға тырысқан тұрғындарға шабуыл жасаған.

Ақтоғай ауданындағы оқиға қатысты Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз  қызметі жауабын берді. ПД өкілдерінің айтуынша, аталған факті бойынша Павлодар облысы полиция департаментінде ӨҚБ қызметтік тергеу жұмысы жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама