×

Шымкентте фармбақылау департаментінің басшысы жауапқа тартылды

Оның орынбасары жұмыстан босатылды

 Дәурен Ерболат 24.08.2022 | 16:54
Фото: proforientator.ru

Шымкеттен өз міндетін атқара алмаған Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысына сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Антикор.

Биыл 1 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дулат Тұрманов жұмыстан босатылған.

3 тамызда комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сейітжамал Пакеев ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биыл 14 шілдеде сот үкімімен басшының орынбасары Тұрманов бірқатар тұлғадан клиникалық практикаға жіберуге маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге болатын жүйелі парақорлыққа кінәлі деп танылды. Оған 20 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалып, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама