×

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Төрт адам Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды

 Динара Амантай 24.08.2022 | 15:49
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 23-нен 24 тамызға қараған түні шамамен сағ.00.50-де Шалқар –Ырғыз автожолының 91-шақырымында Toyota Estima автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен.

Жол көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттардан үш адам қайтыс болды. Сонымен қатар төрт адам Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қаза тапқаны туралы жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама