×

Үкіметке арендалық баспананы субсидиялау мәселесін шешуге екі айдан астам уақыт берілді

Цифрлық платформа әзірленеді

 Айнұр Шошаева 08.02.2022 | 17:38
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санатына баспананы жалдау ақысының 50 пайызын төлеу бойынша субсидия бермек. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арендалық баспананы субсидиялау жұмысын 1 мамырдан кешіктірмей аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Президент баспананы субсидиялау оның ең алдымен әлеуметтік бастама екенін еске салды.

Арендалық баспананы субсидиялау туралы бастамам осыдан бір жыл бұрын жүзеге асуға тиіс еді. Бірақ жайбарақаттықтан, әлде берілген тапсырманы үстірт орындау салдарынан мыңдаған қазақстандық бұл жеңілдікті пайдалана алмай келеді, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, халық баспананы әкімдік пен құрылыс компаниялары айтқан жерден емес, қажеттілігіне қарай өз қалауы бойынша таңдауға тиіс. Осы ретте «Отбасы банк» пен Цифрландыру министрлігі пәтерді жалға беруші мен субсидия алуға тиісті адамдар тіркеле алатын цифрлық платформа әзірлеуді тапсырды.

«Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына мемлекеттен жалдау ақысының 50 пайызы мөлшерінде субсидия төленетін болады. Ал отбасы бюджетінен артылған ақшаны басқа қажеттілігіне – азық-түлікке, білімге, медицинаға жұмсай алады. Сондықтан, осы жүйе бойынша өтінім қабылдауды бастау керек. Бұл мәселені кешіктірмеу керек. Бұл жұмысты 1 мамырдан кешіктірмей, оның орындалу барысына қатысты тапсырамын», - деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама