×

«Қазақфильм» киностудиясы қызметкерлерінің айлығы өседі

Сондай-ақ барлық инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылады

 Дастан Жұмабекұлы 24.08.2022 | 13:46
фото: ашық дереккөз

1 қыркүйектен бастап Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 30% - ға өседі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев киностудия қызметкерлерімен кездесуде айтты.

Бұдан басқа, инженерлік желілер мен ғимараттарға техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу, сондай-ақ түсірілім павильондарын салу және заманауи жабдықтар сатып алу жүргізілуде.

Киностудияның барлық инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. Біз заманауи киностудия құрғымыз келеді. Орталық Азия өңірінде көшбасшы орынға шығу үшін бар күшімізді саламыз. Бүгінде киноға түсіру жабдығы, жарықтандыру техникасы, серверлік жабдық, деректерді өңдеу орталығы, бейне-дыбыстық монтаждау және анимациялық компьютерлер сатып алынды, –  деді киностудия президенті Ақан Сатаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мәдениет және спорт министрі киностудияның алдына отандық кинематографияны дамытуға және насихаттауға арналған бірқатар міндет қойды.

Биыл киностудияның 14 фильмі 7 халықаралық кинофестивальге қатысып, 10-нан астам жүлдеге ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама