Ол сатып алушыларға ақшаның бір тәулікте түсетініне сендіріп, жасырынып жүрген
Алматыда 33 жастағы ер адам жалған төлем түбіртектерімен телефондарды сатып алған.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Полицейлер Алматының кемінде үш тұрғынын алдап кеткен 33 жастағы ер адамды ұстады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, Т.есімді азамат сайтқа ұялы телефондарды сатып алу туралы хабарландырулар берген.
Қалталы сатып алушымен кездесуде ол банктің қолдан жасалған түбіртегін көрсетіп, ақшаның бір тәулік ішінде түсетініне сендіріп, телефонды алып, жасырынып жүрген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір тергеушілер алаяқтық бойынша 3 деректі анықтады. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Алаяқтық) сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Күдікті бұрын осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Қазір күдіктінің қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.