×

Imanbek веб-сериалға түседі

Танымал Ди-джей түсірілім жұмыстарын аяқтады

 Дастан Жұмабекұлы 24.08.2022 | 11:53
фото: ашық дереккөз

Ол «Salem social media» ұсынған «Завод» атты жаңа веб-сериалда белгілі бір образды сомдайды.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Ең мәртебелі Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов веб-сериалда шақырылған қонақ ретінде ойнайды. Оқиға желісі бойынша ол болашағы жарқын маман болады. Жалпы, жаңа туындыға Иманбек Зейкеновпен бірге белгілі блогер Хаким Мукарам және Ілияс Көпжасаров түседі. Дәл қазіргі уақытта танымал Ди-джей түсірілім жұмыстарын аяқтады. 

Актерлік құрамда Imanbek-тен басқа да танымал актерлер мен блогерлер бар. Мәселен, ол қатарда тағы бір павлодарлық актер бар. Ол – «5:32» сериалы арқылы көпке танымал Қобланды Болат. Бұдан басқа, Аружан Жазылбекованы да осы веб-сериалдан көруге болады, - делінген хабарламада.

«Завод» веб-сериалы байдың ерке баласы Олжастың (Қобланды Болат) оқиғасын көрсетеді. Ол кезекті бір жағымсыз қылығынан соң Павлодардағы зауытқа қарапайым жұмыскер ретінде жіберіледі.

Веб-сериал түсірілімі 3 тамыз күні басталды. Ол 22 күнде түсіріліп бітеді. Яғни, бүгін-ертең бітуі тиіс. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама