×

Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 24.08.2022 | 10:54
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға тамыз айының 23 күні сағат 16-00 шамасында Самара – Шымкент тас жолының Қармақшы ауданы, Төребай би ауылының тұсында болған. Volkswagen Transporter автокөлігімен қарсы бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екі автокөліктің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Орын алған дерек Қазақстан Республикасы ҚК-дің 345-бабының 4-бөлігімен СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, белгіленбеген жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама