×

«Кезек сендейлерге де келеді»: Тілеухан Зайытовқа қатысты шындықты айтты

Түркияда тұрып жатқан қоғам қайраткері айтыскердің айыптауына жауап берді.

 Халық үні 24.08.2022 | 06:44
Фото: adyrna.kz

Айтыскер Ринат Зайытов соңғы сұхбаттарының бірінде Бекболат Тілеуханды «Қаңтар оқиғасы» болатынын білді және оны халыққа ескертпеді деп айыптады. Көп ұзамай, Түркияда тұрып жатқан қоғам қайраткері айтыскердің бұл айыптауына жауап берді.

Мысалы, Қосановтың сатып кететінін сен білдің бе? Меніңше, білген жоқсың деп ойлаймын. Енді келіп маған бірдеңені таңасың. Әлде өзіңде күмән болды ма, бірдеңені білдің бе?

Бүгін құйысқаның көтеріліп жатыр, байқа, Ринатжан! Мен сияқты қазақтың қамына өмірін арнаған адамдардың етегіне жабысып атақ жинамайсың. Ал мен сияқты адамды жыққанмен, кейін кезек сендейлерге де келеді», – деді Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде тараған видеода.

Сөз  соңында экс-депутат өзінің қазақтың абыройына жұмыс істеп жүргенін айтып, көпшіліктен етегіне жармаспай, ақылға келуді сұрайды. 

Бұған дейін айтыскер ақын Ринат Зайытов Instagram-дағы парақшасында экс-депутат Бекболат Тілеуханға пост арнап, оны қаңтар оқиғасы болатынын алдын ала біле тұра, халыққа ескертпеді деп айыптады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама