Семейлік тұрғын есірткіге арнап жылыжай жасаған

Дастан Жұмабекұлы

Күдікті «Қарасора-2022» жедел-іздестіру іс-шарасында ұсталды

фото: polisia.kz

Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» республикалық жедел-іздестіру іс-шарасында 31 жастағы Семей қаласының тұрғынының есірткіге арнап жылыжай жасағанын анықтады.

Ішкіс істер министрлігінің ресми сайтының хабарлауынша, ол саяжайлардың бірінен учаскені жалға алып, есірткі өсіруге арналған жылыжайды жабдықтаған. Оның гаражын тінту барысында қарасора өсімдіктерінің кептірілген жапырақтары табылып, тәркіленді. Сондай-ақ полиция арнайы жабдықталған жылыжайы бар үйдің қоршауынан жалпы салмағы 10 кг болатын марихуана өсімдіктерінің 16 бұтасын тапты. Сот-химиялық зерттеу бойынша олардың каннабис тобына жататын өсімдік екені анықталды.