Астанадағы сауда орталығында тауарлар басқа валютамен сатылып жатыр
«Kari» дүкенінде Қазақстанға келген ресейліктер үшін жағдай жасалған
Астанадағы «Аружан» ойын-сауық сауда орталығындағы «Kari» дүкені тауарларды Ресейдің ұлттық валютасы – рубльмен сатып жатыр.
Бұл туралы мәлімет Instagram-дағы kris.p.astana парақшасында жарияланды.
Біздің елде тауарлар шетел валютасымен сатылмайды. Оған заң жүзінде тыйым салынған. Бірақ «Kari» дүкені Қазақстанды паналап жүрген ресейліктер үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасап қойыпты. Қазақстан Республикасында ұлттық валюта – теңге. Тауар теңгемен ғана сатылуы керек, – делінген жазбада.
«Аружан» ойын-сауық сауда орталығына Instagram-дағы бұл жазба әлі жетпеген сияқты. Тауарлар Ресейдің рублімен сатылып жатыр.