Еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп жатыр - Президент

Қымбат Елтайқызы

Тоқаев кәсіподақтар мен компания иелері арасында диалог құруды тапсырды

фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында еңбек ұжымдарының наразылығына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп жатыр. Оны ашық айту керек. Қызметкерлердің барлық талабын мұқият зерделеу қажет. Олардың заңды мүдделері сақталуы керек. Кәсіподақтар мен компания иелері арасында диалог құру қажет. Қабылданған шешімдерді қарапайым қызметкерлерге дұрыс түсіндіру керек. Наразылық білдіруші азаматтардың проблемаларын шешу үшін үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры бірге жұмыс істеуі қажет. Керек болса, Маңғыстау облысына тағы да арнайы үкіметтік комиссия жіберу қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір еліміздің бірқатар өңірінің, әсіресе батыс аймақтың еңбек ұжымдары ара-тұра наразылық білдіріп тұрады. Мысалы, жақында Маңғыстауда тағы бір мекеме жұмысшылары жалақы өсіруді талап еткен болатын.