×

Бас мешітке тағы кімдер қызметке тағайындалды?

Жұмысқа үздік қарилар мен азаншылар келді

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 14:32
фото: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Бас мешітке үздік қарилар мен азаншылар тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы айтты.

Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, танымал қарилар мен азаншылардың қызметке тағайындалғанын хабарлады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен белгілі қари Серік Ахметов наиб имам, танымал қари Мұртаза Балахмет ұстаз, белгілі қари Ерболат Шаудырбай азаншы, Қуаныш Бәкенұлы азаншы қызметіне тағайындалды.

Бас мүфти Бас мешіт жамағатына үздік қарилар мен азаншыларды таныстырып, бұйрығын оқып берді. Жаңа қызметтеріне сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасады, –  деді ол.

Бас мешітке қызметке тағайындалған үздік қарилар мен азаншылар бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы орталық мешіттерде жауапты қызмет атқарған. Кеше Бас мешіттің имамы болып Қанат Қыдырмин тағайындалған болатын.

Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама