×

Киіктерді ақылы түрде атуға рұқсат берілуі мүмкін

Олар Қызыл кітапқа енбеген

 Дәурен Ерболат 23.08.2022 | 12:30
Коллаж: Halyq Uni

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанда киіктерді ақылы түрде атуға рұқсат беру мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, киік санын реттеу үшін қасқырдың санын көбейту ұсынысы түскен. Алайда бұл да мәселені бірден шешпейді.

«Қасқырды «орман санитары» деп атайды. Ол әлсіз, ауру жануарларды жеп, популяция құрамын жақсартып, киік санын керісінше көбейтіп жібереді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстанның агросақтандыру қауымдастығымен бірлесіп, жайылымдар мен егістіктерді агросақтандыру, киік таптауынан ауыл шаруашылығына келтірілген залалды бағалау әдістемесін әзірлеуді қарастырып жатыр. Негізінде сақтандырушыларда бұл мәселе бойынша белгілі бір түсінік бар», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Серікқали Брекешев киіктерді ақылы түрде атуға рұқсат беру мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.

Біз келесі жылға спорттық-әуесқойлық аң аулауды ұйымдастыруды қарастырамыз. Бұл ақылы аңшылық болады. Осыған дейін ақбөкеннің Қызыл кітапқа енбегенін айтқанмын. Киік аулауға тыйым 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін салынған. Бұл мәселелер қазір қаралып жатыр, жақын арада, қазанның соңына дейін нақты шешімді шығарамыз, - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін Экология министрі киіктерді атуға қатысты соңғы шешім бір айда шығарылатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама