Halyq Uni логотип
×

Қарағандылық браконьерлер киік мүйізін Қытайға 15 млн долларға сатпақ болған

Мұнша көп мүйізді алу үшін қылмыскерлер 366 киікті атқан

 Еркеғали Болатұлы 23.08.2022 | 10:25
Қарағандылық браконьерлер киік мүйізін Қытайға 15 млн долларға сатпақ болған
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында киіктерді атып, 732 дана мүйізді Қытайға сатпақ болғандар ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсталғандардан 150 келі мүйіз тәркіленген. Мұнша көп мүйізді алу үшін олар 366 киікті атқан.

Жалпы, қара нарықта киік мүйізінің 1 келісі кемінде 5 мың долларға бағаланады екен. Қазір осынша оңай ақшаға құныққан 6 адамның кім екені анықталып отыр. Олар Қарағанды және Ұлытау облыстарының аумағында жылдар бойы киікті заңсыз атумен айналысып келген.

Қазір күдіктілердің үшеуі ғана қолға түскен. Кінәлары дәлелденсе, олар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

«Күдіктілерден таразы, пышақ, тіркелмеген қару және автомототехника тәркіленіп алынды. Аталаған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - дейді Қарағанды облыстық ПД КПБ бастығының орынбасары Аслан Өскенбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама