Министр киікті атуға қатысты соңғы шешім қашан шығатынын айтты

Дәурен Ерболат

Бүгінде ғалымдар мен экобелсенділер зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр

Фото: zhaikpress.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктерді ату мәселесіне қатысты соңғы шешім бір айда шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазір осы жұмысты (киікті ату мәселесі, – автор) жалғастырып жатырмыз. Әзірше бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Себебі ғалымдар және экобелсенділермен мәселені пысықтап жатыр. Менің ойымша, бір айдың ішінде нақты шешімді қабылдаймыз, яғни қазанға дейін тиісті шешімді шығарамыз, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Серікқали Брекешев киіктер Қызыл кітапқа енбеген жануар екенін, оларды атуға рұқсат беру мәселесі де қаралып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Экология министрі Қазақстанда 80 мың киік атылатынын айтқан еді.