Төтенше жағдайлар саласында 10 жемқорлық қылмысы тіркеліп, 3 адам сотталды

Динара Амантай

Аталмыш бағыттағы құқық бұзушылықтар саны төмендеп жатыр

Фото: Halyq Uni

Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларға аралық бағалау, сондай-ақ өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша басым аймақтарды айқындау жүргізді. Кездесу барысында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов 4 жылдық тұрақты өсуден кейін осы саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының төмендеу үрдісін атап өтті.

Сонымен бірге биыл Төтенше жағдайлар саласында 10 Сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 3 адам сотталғаны белгілі болды. Ахметжановтың айтуынша, негізгі проблемалар әлі де бар. Бұған Transparency Kazakhstan жемқорлыққа қарсы мониторинг және әлеуметтік зерттеу нәтижелері дәлел, кәсіпкерлердің пікірінше, оған сыбайлас жемқорлық себептерінің ТОП-10-ына өртке қарсы дабыл беруді тексеру кіреді. Тексерудің оң актісін беру, бизнесті заңсыз қорғау, әкімшілік жауапкершілікке тартпау мүмкіндігі сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет министрлікті және ведомствоның Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сыбайлас жемқорлықты алдын алудағы барлық тетіктерді, оның ішінде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберіндегі жобаларды іске асыру есебінен пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде, ТЖМ қоғамдық кеңесінің төрағасы Диханбек Сатылғанов сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмыста одан әрі бірлесіп өзара іс-қимыл жасауға назар аударды, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді.