Биыл 850 мыңнан аса оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі
Елорда, Алматы, Шымкент қалалары және 6 облыста оқушылар тегін тамақтанады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутат Бауыржан Сартбаевтың сауалына жауап берген хатта жазылған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
2022 жылы Қазақстандағы 851 мың 497 оқушыға (25,5%) тегін тамақ беріледі. Олардың арасында тұрмысы төмен отбасылар мен бастауыш сынып оқушылары бар.
1-4 сыныпқа баратын 607 мыңнан аса оқушы (41%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы оқушыларға, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау облыстарындағы бірінші сынып оқушыларына 100% тегін тамақ беріледі, - деп жазылған хатта.
Биыл қыркүйектен бастап Алматыда бастауыш сынып оқушылары тамақ тегін берілуі мүмкін.
1,5 млн бастауыш сынып оқушысын 100% тегін бір реттік тамақпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын қосымша 150 млрд теңге керек.
Сондай-ақ 1-11 сынып оқушыларына тамақ беру үшін қосымша 380 млрд-тан аса теңге қажет.