Астанада жол ортасында көлік өртенді
Жалынды сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды
Елордада жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 22 тамызда сағат 09.57-де елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен Іле көшесінің қиылысында жеңіл көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде Volkswagen Рassat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 10.15-те толығымен сөндірілді», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге жалынды сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылғаны белгілі болды.