Halyq Uni логотип
×

Дәріхана курьері синтетикалық есірткі таратқан

Ұсталған күні ол 29 доза есірткі бетбелгісін қоюға тапсырыс алған

 Динара Амантай 22.08.2022 | 11:37
Дәріхана курьері синтетикалық есірткі таратқан
Коллаж: Halyq Uni

Алматы облысы, Талғар ауданының 29 жастағы тұрғыны өзін «дәріхана курьері» ретінде таныстырған, алайда оның жасырын есірткі сатушы екені анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол өзіне интернеттен «Күнделікті төлемі бар дәріханалар желісінің курьері» деген сипаттамамен жұмыс тапқан.

Шын мәнінде жас жігіттің қылмыстық ісін зерттеу барысында белгілі болғандай, бұл жасырын іздеу жүйесіндегі бірінші ағын ғана. Әрі қарай, жұмыс берушімен байланыс орнату үшін кодтарды пайдалану керек. Ұсталған күні курьер 29 доза есірткі бетбелгісін қоюға тапсырыс алған. Алайда ол ұсталды. Қызғылт түсті ұнтақ заты бар байламдар сараптамаға жіберілді, қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар психотроптық болып табылады, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қазір аталған факті бойынша Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Сонымен бірге күдікті бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама