×

Қарағандыда гарнизоннан рұқсатсыз кетіп қалған екі сарбаз іздестіріліп жатыр

Сарбаздарда өзімен бірге қарулары болмаған

 Халық үні 08.02.2022 | 11:14
көрнекі фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды гарнизонында мерзімді борышын өтеп жүрген екі әскери қызметші әскери бөлімді өз бетімен тастап кетті. Сарбаздарда өзімен бірге қарулары болмаған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазір әскери полиция органдарымен және облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер қатаң жауапқа тартылмақ. Қорғаныс министрлігі бұдан өзге мәліметтер жарияланбайтынын хабарлады.

Еске салайық, 2021 жылдың 1 желтоқсанында сағат 18:00-ден кейін Құрлық әскерлері әскери институтының (Алматы) төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант оқу орнын өз бетінше тастап кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама