Оқиға салдарынан тағы 29 адам жарақат алған
Оқиға Мардин провинциясының Дерик ауданында болды. Жүк көлігінің тежегіші істен шығып, ол көпшілікке соғылды, деп жазды министр Twitter-де. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Апаттың салдарынан19 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алған. Қазіргі таңда оқиға бойынша іс қозғалды.
Бұған дейін Түркияның Қара теңіз жағалауындағы Ризе провинциясында туристер мінген автобус аударылып кеткен болатын.