Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында тағы бір шекарашы сарбаз қайтыс болды

Сарбаздың өліміне қатысты әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ

 Халық үні 21.08.2022 | 11:33
Жамбыл облысында тағы бір шекарашы сарбаз қайтыс болды
көрнекі фото: UGC

Жамбыл облысында тағы бір шекарашы сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Facebook-тегі парақшасында жазды.

Автордың жазуынша, қайғылы жағдай 19 тамыз күні болған. 2004 жылы туған сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған.

Жамбылда атыраулық сарбаз қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. 2004 жылы туған Мираш Бекбол Досболұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тумасы, - деп жазды қоғам белсендісі.

Дегенмен, сарбаздың өліміне қатысты әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салайық, 17 тамызда Атырау облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болғаны хабарланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметші Нұрбек Ерғалиев 2022 жылдың 17 тамызында қайтыс болған. Ол Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама