Halyq Uni логотип
×

Таразда қаңтар оқиғасына қатысты 17 адам сотталды

Қалада жаппай тәрртіпсізіктерге қатысқандар анықталды

 Халық үні 21.08.2022 | 10:14
Таразда қаңтар оқиғасына қатысты 17 адам сотталды
Фото: ашық дереккөздерден

Сотталушылар бірнеше бап бойынша жазаға тартылды.

«Сот қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Таразда Ә., Б., Б., А., Қ. С., Б., Ш., есімді азаматтардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандығын анықтады. Олар зорлық-зомбылық көрсетіп, қиратып, мүлікті бүлдірген. Ш., Ш., А., П., С., М., Е., Ш. жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөгденің мүлкін ұрлаған. А. қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасауға оқталды», - делінген Тараз қаласының №2 сотының шешімінде.

Бұған дейін, қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың толық тізімі жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама