Алматыда мешіт жамағатын тонаған жігіт ұсталды
Ол мешітте ұйықтап жатқан адамдарды тонаған
Бұл табыс тізбегін 23 жастағы А. есімді азамат ойлап тапқан. Ол мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
«Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған», – дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.